Там 14, 2022 20:20 Asia/Almaty
  • Коронавирус: Ирандағы жағдай

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Өткен тәулікте Иранда Covid-19-дан 83 адам қайтыс болды. Індеттен көз жұмғандардың жалпы саны 142944 адамға жетті",-деп хабарлады.

Иранның Денсаулық сақтау министрлігі: «Нақты диагностикалық көрсеткіштерге сәйкес өткен тәулікте (жексенбі) 6279 адамнан Covid-19 анықталды. Олардың 798-і ауруханаға жатқызылды»,-деп мәлімдеді. 

Елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 7475173 адамға жетті.

Қуанышқа орай, осы уақытқа дейін 7171824 науқас індеттен жазылып, ауруханалардан шығарылды.

Тегтер