Раиси: Тұтқыннан азат етілгендер – Иран халқының қарсыласу, сабырлық пен табандылық таныту символы
(last modified Wed, 17 Aug 2022 10:07:53 GMT )
Там 17, 2022 16:07 Asia/Almaty
  • Раиси: Тұтқыннан азат етілгендер – Иран халқының қарсыласу, сабырлық пен табандылық таныту символы

Иран Президенті тұтқыннан азат етілгендерді Иран халқының қарсыласу, сабырлық пен табандылық таныту символы деп атады.

Ибрахим Раиси сәрсенбі күні үкімет отырысында тұтқыннан азат етілгендердің Отанға оралған күнінің жылдығымен құттықтап: "Тұтқыннан азат етілгендер – Иран халқының қарсыласу, сабырлық пен табандылық таныту символы. Олар ел үшін ең қиын күндері ерлік жасады",-деді.

Иран Президенті халық, соның ішінде жастарға тұтқыннан азат етілгендердің ерліктерін баяндап, алғыс айту керегін айтып: "Бөгде елде қиыншылық көріп жүрсе де, Ислам революциясы жетекшісінің жолдауын жаттап, исламның арман-мақсаттарын аяқ асты етпеген адамдар – халықтың шынайы батырлары",-деді.

Раиси Арбағин шеруінде халықтың әлеуетін пайдалану керегін айтып: "Барлық органдар Иракпен дипломатиялық кеңесулер саласында да, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саласында да джиһадтық қалыпта Арбағин зияратшыларының сапарын жеңілдету үшін белсене әрекет етуі керек",-деді.

Тегтер