Теһранда MERIT ағылшын тілін үйрену кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
(last modified Sun, 28 Aug 2022 17:36:38 GMT )
Там 28, 2022 23:36 Asia/Almaty
  • Теһранда MERIT ағылшын тілін үйрену кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

28 тамызда Иранның Ғылым, зерттеу және технологиялар министрлігінің Мәдени-әлеуметтік зерттеулер институтының Әбу Насыр әл-Фараби атындағы конференц-залында доктор Джавад Арианпурдың MERIT ағылшын тілін үйрену кітаптар топтамасы мен электронды жүйесінің тұсаукесер рәсімі өтті.

8 кітаптан тұратын бұл топтаманың ерекшелігі ирандық-исламдық құндылықтарды сақтап, Иранның тарихы, географиясы, мәдениеті, әдебиеті мен танымал тұлғаларына қатысты материалдарды қамтуында болып отыр.

Әбу Насыр әл-Фараби атындағы конференц-зал

Авторлардың басты мақсаты тіл мен мәдениеттің біте қайнасқанын ескере отырып, тіл үйренгенде Иранның жасөспірімдерін Батыс мәдениетінің жағымсыз қырларының әсерінен сақтау болды.

Топтама 15 жастан жоғары балаларға ағылшын тілін үйретуге арналған.