Израиль режимі журналистерге қарсы 1600 шабуылымен бірге балалар телеарнасын бомбалады
ParsToday - Al-Alam News Network редакторының айтуынша, сионистік режим 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторы мен Ливанда журналистер мен ақпарат құралдарына қарсы 1600 шабуыл жасады.
Al-Alam News Network-тың бас редакторы Мәриям Нассар дүйсенбі күні Теһранда "Ақпарат терроры" атымен өткен Палестинада шәһид болған 200 БАҚ журналисті еске алу рәсімінде былай деп мәлімдеді: «Сионистік режим әртүрлі салаларда үлкен қылмыстар жасады, журналистерді өлтіру де соның бір бөлігі болып табылады».
ParsТoday агенттігінің хабарлауынша, Нассар бұл рәсімде: "2023 жылдың 7 қазанынан бері сионистік режим Газа секторы мен Ливанда журналистер мен ақпарат құралдарына қарсы 1600 шабуыл жасап, тіпті балалар желісін де қиратты", -деді.
Ливанның "Әл-Маядин" арасының тілшісі Фатеме Фатони де осы рәсімде: «Өткен аптада Ливанда үш журналист сионистердің бомбалауынан шәһид болды, бірақ біз ақпарат құралдарының әрекетіне баса назар аударып, шындық пен сионистік режимнің қылмыстарын жеткізуге тырысамыз», -деп айтты.
Бұл рәсімде деректі фильмдер режиссер Мохсен Исламзаде де былай деді: «Журналист пен деректі фильм жасаушының қаруы сионистік режим үшін қарсыласу қаруы сияқты қауіпті».
2023 жылдың 7 қазанында Газада соғыс басталғаннан бері сионистік режим журналистерді қасақана нысанаға алуда. Халықаралық журналистер федерациясы Израиль шабуылдарында 130 палестиналық және ливандық журналистің шәһид болғанын растады.