Раиси: Сауд Арабиясының Иранмен қарым-қатынасын нығайту аймақ қауіпсіздігіне пайдалы
Иран Президенті Ирактың аймақ елдері арасындағы ынтымақтастық кеңістігін шетелдік араласусыз жақсартуға бағытталған бастамалары мен шараларын аймақтық интеграцияны нығайтудағы тиімді деп атап: «Сауд Арабиясының Иранмен қарым-қатынасын қалпына келтіру және нығайту аймақтың қауіпсіздігіне пайдалы»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси дүйсенбі күні кешке Ирак Сыртқы істер министрі Фавад Хұсейнмен кездесуінде Ирак үкіметінің аймақтық мәселелер бойынша консультацияларын жоғары бағалай отырып: «Ирактың аймақ елдері арасындағы ынтымақтастық кеңістікті шетелдік араласусыз жақсартуға бағытталған бастамалары мен әрекеттері аймақтық интеграцияны нығайтуда тиімді болмақ»,- деп мәлімдеді.
Фавад Хұсейн осы кездесуде сондай-ақ ИИР Иракта тұрақтылық пен қауіпсіздік орнату жолындағы үздіксіз және табанды қолдауын, сондай-ақ осы елде жаңа үкімет құру саяси үдерісінің аяқталуын жоғары бағалап, Ирак үкіметінің Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарды жақсартудағы жұмыстарын жалғастыратынын қуаттады.