Ресей суретшісі: Иранның мәдени мұрасы мені қызықтырды
Ресейлік жас суретші Иранның тарихи туындыларының суреттері мен картиналарын көргеннен кейін оны Иранның мәдени мұрасы қызықтырғанын жариялады.
Мария Зенкова «Достық рөлі» сурет фестиваліне қатысқан 600 ирандық және ресейлік суретшінің бірі. Parstoday хабарлауынша, бұл фестивальде ресейлік және ирандық суретшілер өзара бір-бірінің елдерінің суреттерін салған.
Иранның марқұм президенті шәһид Ибрахим Раисидің суретін салған Зенкова «Достық рөлі» сурет фестивалінің жеңімпаздары тобына кірді.
Бұл ресейлік ханым Мәскеу акварель және бейнелеу өнері академиясында осы фестивальдің таңдаулы жұмыстарының көрмесінің аясында фестивальге қатысу үшін Иранның шәһид президентінің суретін салу себебі туралы: «Ибрахим Раиси Иранның саяси қайраткері ғана емес, рухани және діни қайраткері және оның қызметтерін құрметтеу үшін суретін салуға тырыстым», - деді. Зенкова шәһид Раисиді өте маңызды тұлға ретінде атап өтті.
Бұл ресейлік суретші ханым да осы көрмедегі орыс суретшілерінің көптеген туындыларында ирандық ұлттық киім бейнеленгеніне назар аудартып: «Көрменің таңдаулы туындыларын көргеннен кейін мен Иранда көптеген мәдени мұралар бар екенін түсіндім. Бұл мені қызықтырды және мен Иран өте қызықты ел болуы керек деп ойлаймын»,- деп айтты.