Канани: Иран – көрнекті ғалымдардың алтын бесігі
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Иран өркениетінің географиялық аумағын ғалым ерлер мен әйелдердің алтын бесігі деп атады.
Бүгін, жексенбі 4 қыркүйек – өз заманының көрнекті өкілі әрі ғылымда көпқырлы тұлғалардың бірі саналатын Әбу Райхан Бируниді ұлықтайтын күн.
Биыл ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылғы ұлықтау рәсімдері тізімінде Әбу Райхан Бирунидің 1050 жылдығын атап өту қарастырылған.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы әлеуметтік желілердегі өзінің жеке парақшасында: «Иран мәдениеті мен өркениетінің географиялық аумағы көптеген данышпан ерлер мен әйелдерді дүниеге әкелді. Олардың ғылыми еңбектері, жаңа ашулары, бастамалары мен өнертабыстары ирандық-исламдық мәдениет пен өркениетті әлемге танытты»,-деп жазды.