Сәу 26, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • Велаяти: Американың артық талаптарына тосқауыл қоюдың жолы - табандылық

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Американың артық талаптарына тосқауыл қоюдың жолын табандылық, қарсыласу және қайсарлық деп атады.

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти сейсенбі күні Швейцария Сыртқы істер министрінің орынбасарын қабылдаудан кейін тілшілерге берген сұхбатта Иранның 2 млрд доллар байлығының Америка тарапынан тәркіленуіне қатысты білдірген пікірде: «Американың Иран ислам республикасымен дұшпандығы революцияның басынан басталып, әліі жалғасуда. Бұл америкалық басшылардың қарама- қайшы сөйлейтінін көрсетеді. Олар бір жағынан Иран Сыртқы істер министрімен сұхбаттасуда өз жауапкершіліктерін орындауға және санкцияларды алып тастауға берік екендігін айтса, екінші жағынан, басқаша түрде жаңа санкциялар салып, Иран мен өзге елдер арасындағы заңды байланыс пен еркін саудаға кедергі келтіреді. Америкалықтардың істеген әрекетінің халықаралық ұрлық екендігі сөзсіз. Иран ислам республикасы өз құқығын қорғап, оны америкалықтардан қайтарып алады» деді.

Тегтер