Кашанның Ардахал қаласында дәстүрлі кілем жуу рәсімі өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i64410-Кашанның_Ардахал_қаласында_дәстүрлі_кілем_жуу_рәсімі_өтті
Кашанның Ардахалында кілем жуушылардың дәстүрлі рәсімімен қатар имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) ұлы Сұлтан Әлидің ауласында да аза тұту рәсімі өтеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 01, 2022 14:54 Asia/Almaty

Кашанның Ардахалында кілем жуушылардың дәстүрлі рәсімімен қатар имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) ұлы Сұлтан Әлидің ауласында да аза тұту рәсімі өтеді.

 


Кілем жуу рәсімі Ирандағы дәстүрлі діни рәсімдердің бірі ретінде ЮНЕСКО-ның рухани және мәдени мұралар тізіміне тіркелді.

Бұл рәсім коронавирус пандемиясына байланысты екі жыл бойы өткізілмеді, ал биыл Кашанның Ардахалында қала тұрғындарының жаппай қатысуымен өтті. Кашанның Ардахалындағы кілем жуу дәстүрлі рәсімі Ирандағы шамси күнтізбесіне сәйкес өткізілетін жалғыз дәстүрлі-діни рәсім болып табылады. Кілем жуушылардың дәстүрлі рәсімі имам Мұхаммад Бақердің (ғ.с.) ұлы хазірет Сұлтан Әлидің  жерлеуінің символдық орындалуы саналады.