Сот-медициналық сараптама орталығы Махса Аминидің қаза болу себебі жайлы мəлімдеме жасады
Сот-медициналық сараптама орталығы мəлімдеме жасап, Махса Аминидің қаза болу себебін ми гипоксиясы (миға оттегінің жетпеуі) деп атады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сот-медициналық сараптама орталығы жұма күні мəлімдеме жасап, Махса Аминидің қазасы туралы: "Медициналық құжаттар, ми мен өкпе флюорографиясы, сыртқы тексеріс жəне паталогоанатомиялық жəне травматологиялық зерттеу нəтижесіне сəйкес Махса Амини басы мен денесіне соққы тиюден қаза таппаған",-деді.
Мəлімдеменің жалғасында "Жедел жәрдем қызметкерлері Махсаға тыныс алу аппаратын қосқан. Бірақ ол көмектеспеген. Махса Амини "Касра" ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлердің талпыныстарына қарамастан, ми гипоксиясы салдарынан 16 қыркүйекте қайтыс болды" делінген.