Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы: Бірлік конференциясы Иран Президентінің сөз сөйлеуімен басталады
Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы 36-шы Бірлік конференциясының Иран Президентінің сөз сөйлеуімен басталатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хамид Шахриари 36-шы «Ислам бірлігі» атты халықаралық конференцияның баспасөз отырысында: «Биылғы конференцияның өзгешеліктерінің бірі – Ислам әлеміндегі көрнекті тұлғалар мен министр деңгейіндегі оқымысты қонақтардың қатысуы»,-деді.
Шахриари: «Теһранда 200 шетелдік және 100 отандық баяндамашы болады. Конференция сәрсенбі күні басталып, жұмаға дейін жалғасады. Ашылу рәсімінде Иран Президенті Ибраһим Раиси сөз сөйлейді»,-деді.
Дүниежүзілік ислам мазхабтарын жақындастыру ассамблеясының бас хатшысы: «Ислам революциясының жетекшісі де жұма күні конференцияға қатысушылармен кездеседі»,-деді.