Раиси: Иранның қауіпсіздігі мен құдыреті халықтың табандылығына байланысты
ИИР президенті қауіпсіздікті қорғау жолындағы шәһидтің отбасымен сұхбатында елдің қауіпсіздігі мен күш-қуатының Иран халқының табандылығы мен мыңдаған шәһидтердің талпыныстарына қарыздар деп атап, баршаның осы ұлттық қорғау үшін барлығының күш-жігерін қуаттады.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран президенті Ибрахим Раиси қауіпсіздіктің қорғаушысы шәһид Салман Амир Ахмадидің отбасымен телефон арқылы сөйлесіп: «Исламдық Иранның ең маңызды қоры – әр уақытта елге, халыққа зиян тигізбес үшін түрлі дерттен, қауіп-қатерден қорғауға шығатын Амир Ахмади сынды ерлері мен әйелдері»,- деді. Ибрахим Раиси шәһид Амир Ахмадидің отбасына көңіл айта отырып, жанкештілік пен шәһид болу мәдениетін Ирандағы ұлттық құлыреттің ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі деп атап: «Иран Ислам Республикасын әртүрлі қоқан-лоққылармен және дұшпандық әрекеттермен үздіксіз қарсыласу саласында мақтаныш пен жеңіске жеткізген нәрсе – әлеуметтік капитал, сөз бірлігі және жанкештілік пен шәһидтік мәдениеті»,- деп тоқталды.