Раиси: Дұшпанның кегінің себебі – Иран халқының таңғаларлық ілгерілеуі
(last modified Fri, 14 Oct 2022 11:23:01 GMT )
Қаз 14, 2022 17:23 Asia/Almaty
  • Раиси: Дұшпанның кегінің себебі – Иран халқының таңғаларлық ілгерілеуі

Ислам революциясының жетекшісінің Бірлік конференциясына қатысушы бір топ ресми тұлғалар және шетелдік қонақтармен кездесуінде ИИР Президенті дұшпанның Иран халқына деген кегінің себебін оның таңғаларлық әрі жан-жақты дамуы деп атады.


 

ИИР Президенті Ибрахим Раиси осы кездесудің басында: «Жақындағы Нью-Йоркке сапарымда БҰҰ Бас хатшысының жеке кездесуде кешірім сұрап, «көптеген күш-жігерге қарамастан, мен Иранға қарсы коронавирусқа қатысты санкцияларды алып тастай алмадым» деді.  Мен оған «Иран халқы әрқашан қоқан-лоққылар мен санкцияларды мүмкіндіктерге айналдырды» деп жауап бердім»,- деді.  Раиси: «Коронавирус пандемиясы жағдайында Иран вакцина өндіретін  алты орталығын іске қосу арқылы оны экспорттаушыға айналды. Осы күні бұл аурумен күресуде әлемдегі жетекші елдердің қатарында»,- деп сөзін жалғады.

Иран Президенті ғылыми прогресс, экономикалық өсу, инфляцияның төмендеуі және елдің сауда және халықаралық ынтымақтастығын арттыру статистикасына сілтеме жасап, халыққа   үкіметпен, әсіресе, экономикалық реформаларды жүзеге асыруда шынайы ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп: «Иранның дұшпандары соңғы тәртіпсіздіктерде елге қиындық тудыруға тырысты, бірақ халық бұрынғыдай шыдамдылық пен табандылықпен оларды сәтсіздікке ұшыратты»,- деді.

 

Тегтер