Иран Украинадағы соғыс үшін Ресейге ұшқышсыз ұшақтар жіберді деген мәлімдемені жоққа шығарды
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Украина соғысында пайдалану үшін Ираннан қару-жарақ, соның ішінде әскери ұшқышсыз ұшақтар жөнелтілуіне қатысты айтылған кейбір мәлімдемелерді жоққа шығарды.
Iran Press-тің хабарлауынша, Насер Канани Чафи ИИР-ның Украинадағы соғыста пайдалану үшін қару-жарақ, соның ішінде әскери ұшқышсыз ұшақтар жіберуіне қатысты кейбір мәлімдемелерге реакция білдіріп, бұл мәлімдемелердің шындыққа сәйкес келмейтініне тоқталды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы жалған ақпарат пен біржақты болжамдарға негізделген негізсіз уәждерді кейбір елдердің ақпарат құралдарының ИИР-на қарсы саяси және мақсатты кеңістік орнатуының бір бөлігі деп атап, айыптауларды шешу үшін Иранның Украинамен сөйлесуге және келіссөздер жүргізуге дайын екенін жариялады.