Амир Абдуллахиан Беларусь Сыртқы істер министрін қарсы алды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65062-Амир_Абдуллахиан_Беларусь_Сыртқы_істер_министрін_қарсы_алды
Иран Сыртқы істер министрі Теһранда беларусьтік әріптесін ресми түрде қарсы алды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаз 26, 2022 16:41 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан Беларусь Сыртқы істер министрін қарсы алды

Иран Сыртқы істер министрі Теһранда беларусьтік әріптесін ресми түрде қарсы алды.

Бүгін, сәрсенбіде Хұсейн Амир Абдуллахиан Беларусь Сыртқы істер министрі Владимир Макейді Иран Сыртқы істер министрлігінде қарсы алды. Амир Абдуллахиан мен Макей журналистермен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.

Иран мен Беларусь Сыртқы істер министрлері Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясы аясында соңғы рет кездесіп, екіжақты мәселелер мен аймақтағы өзгерістерді талқылады.