Раиси: «Шаһшырақ» кесенесіндегі қылмысты ұйымдастырушыларға ғибратты жауап беріледі
(last modified Thu, 27 Oct 2022 12:06:10 GMT )
Қаз 27, 2022 18:06 Asia/Almaty
  • Раиси: «Шаһшырақ» кесенесіндегі қылмысты ұйымдастырушыларға ғибратты жауап беріледі

Иран Президенті Ахмад бен Мұса (ғ.) кесенесінде бір топ зияратшының қаза тапқанына көңіл айтып: «Қауіпсіздік және тәртіп күштері осы қылмысты ұйымдастырушыларды анықтап, оларға ғибрат алар әрі өкінерлік жауап береді»,-деп жазды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси Ахмад бен Мұса (ғ.) кесенесіндегі зияратшылардың бір тобының қаза тапқанына көңіл айтып: «Иранның мазлұм халқының зары осы жолы Ахмад бен Мұса (ғ.) кесенесінен естілді. Дұшпандар Иран Ислам революциясына қарсы қылмыстар дәптеріне тағы бір қылмыс қосты»,-деді.

Иран Президенті Ахмад бен Мұса (ғ.) кесенесінде зияратшылардың қаза болуына байланысты Иран халқы мен шәһидтердің жанұяларына көңіл айтты.

Аятолла Раиси: «Тәжірибе көрсеткендей, дұшпандар Иран халқы арасына жік салып, бірлігін жойып, дамуын тоқтату жолындағы өздерінің әлсіздіктері үшін   кекті қатыгездік пен террор арқылы алуды көздеп отыр»,-деп еске салды.

 

Тегтер