Раиси: Иранның дамуын тоқтатуға немесе баяулатуға жол бермейміз
Иран Президенті: «Дұшпанның басты мақсаты – Иранның дамуына тосқауыл қою. Біз елдің даму қарқынының баяулауына немесе тоқтауына жол бермейміз»,-деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси бейсенбі күні Занджан облысында 1026 МВт қуат өндіретін 5 жылу электр стансасының ресми ашылу рәсімінде Шаһшырақ кесенесінде болған лаңкестік шабуылда шәһид болғандардың жанұяларына көңіл айтып: «Бүлік пен тәртіпсіздік – ғылым мен білімге, бизнеске, көшедегі жазықсыз халықтың қауіпсіздігі мен тынышсыздығына жасалған зұлымдық. Бұл оқиғаларда дұшпанның қолы анық байқалады»,-деді.
Раиси бүліктер мен тәртіпсіздіктердің лаңкестік әрекеттерге жағдай жасағанын айтып: «Дұшпандар қастандық жасап, іріткі салу арқылы исламдық Иранның дамуына кедергі жасауды қалайды»,-деді.
Иран Президенті: «Үкімет дұшпандардың қастандықтарына табанды түрде қарсы тұруға талпынып жатыр»,-деді.