Хадж Әли Акбари: Біз Шираз шәһидтері қанының кегін аламыз
(last modified Fri, 28 Oct 2022 13:15:17 GMT )
Қаз 28, 2022 19:15 Asia/Almaty
  • Хадж Әли Акбари: Біз Шираз шәһидтері қанының кегін аламыз

Теһран жұма намазының имамы Шаһчерақ кесенесіне жасалған лаңкестік әрекетке реация білдіріп: «Бұл қылмысты іске асырғандар, яғни әлем үстемшілерінен кек алынады»,- деді.

Теһран жұма намазының имамы Әли Акбари  Шаһчерақ   кесенесіндегі лаңкестік әрекетке реакция білдіріп: «Ғибадат жасап, зияратқа келген адамдарды үрейлі түрде өлтіру – ащы және өмірге қауіп төндіретін оқиға»,- деп тоқталды. Теһрандағы жұма намазының имамы Ислам революциясы жетекшісінің Шираздағы лаңкестік қылмыстан кейінгі жолдауына сілтеме жасап: «Жақындардың қайғысы мен Әһле Бәйт кесенесіне тіл тигізу тек осы апаттың себебін іздестіру және оған қатысты әрекет ету арқылы өтелмейді»,- деп сөзін жалғады. Хадж Әли Акбари исламдық Иранға қарсы жаһандық үстемшілердің стратегиясына тоқталып: «Жаһандық үстемшілдік тұлғаны өзгерту және исламдық Иранға қарсы сенімсіздік тудыру сияқты екі мәселені қолға алды»,- деді.

 

Тегтер