Иран мен Ресей арасындағы транзитті 10 миллион тоннаға жеткізу көзделуде
Қар 01, 2022 16:24 Asia/Almaty
Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары көліктің Иран мен Ресей арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастықтарды кеңейтуде маңызды рөл атқаратынын айтты.
Шахриар Эфендизаде: ««Солтүстік-Оңтүстік» дәлізі Иран мен Ресейдің транзитті арттыруға баса назар аударатын маңызды көлік бағыттарының бірі болып табылады. Темір жол тасымалы тақырыбында Рашт-Астара теміржол желісінің құрылысына қатысу - маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселеге қатысты Иран мен Ресей арасында техникалық, қаржылық және құқықтық жұмыс топтары құрылды. Рашт-Астара теміржол желісінің құрылысына қатысу Бандар Аббасты, Әзірбайжан Республикасын, Ресейді және Солтүстік Еуропаны байланыстыра алады»,- деді.