Иран – әлемде анар өсіретін үшінші ел
Қар 03, 2022 12:47 Asia/Almaty
Иран Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: «Иран – әлемде анар өсіру және өндіру бойынша Үндістан мен Қытайдан кейінгі үшінші ел»,-деді.
Иранның Орталық облысында алғашқы ұлттық анар өндіру және экспорттау көрмесі өтті. Иранның Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: «Жылына әлемде өндірілетін 6,5 млн тонна анардың шамамен 1 млн 300 мың тоннасы Иранда өндіріледі. Оның 20 мың тоннасы шетелге экспортталады»,-деді. Бруманди: «Иранда орташа анар өндірісі гектарына 15 тонна, ал әлемде гектарына 13 тоннаны құрайды»,-деді.Тегтер