Иран армиясының мәлімдемесі: 13 абан – үстемшілдікпен күрес символы
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65282-Иран_армиясының_мәлімдемесі_13_абан_үстемшілдікпен_күрес_символы
ИИР армиясы өз мәлімдемесінде: "Тыңшылық ұясын басып алу қылмыскер АҚШ-тың өрмек үйінің әлсіз негіздерін қиратып қана қойған жоқ, Ислам революциясының әлемдік үстемшілдікке қарсы күресуге дайын екенін дүние жүзі халықтарына көрсетті",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 04, 2022 14:51 Asia/Almaty
  • Иран армиясының мәлімдемесі: 13 абан – үстемшілдікпен күрес символы

ИИР армиясы өз мәлімдемесінде: "Тыңшылық ұясын басып алу қылмыскер АҚШ-тың өрмек үйінің әлсіз негіздерін қиратып қана қойған жоқ, Ислам революциясының әлемдік үстемшілдікке қарсы күресуге дайын екенін дүние жүзі халықтарына көрсетті",-деді.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР армиясы жұма күні мәлімдеме жасап: "Қылмыскер АҚШ-тың Иран халқы мен Ислам революциясына қарсы ашық та жасырын жауластығы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Ал Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін ашық жүргізіле бастады, олар тіпті өз елшілігін іс жүзінде тыңшылық ұясына айналдырып, жаңа құрылған ислам республикасының жүйесін құлату үшін кез келген құралды пайдаланды",-деді.  

Мәлімдеменің жалғасында АҚШ-тың ИИР жүйесіне соққы беруге бағытталған дұшпандығына тоқталып: "Ақ үй басшылары сионистік режим мен Сауд режимі сияқты аймақтағы өз одақтастарымен бірге медиа алпауыттарды пайдаланып, Иран халқына, әсіресе жастарға қарсы гибридтік соғыс бастады. Иранның велаятшыл қырағы халқы дұшпанның жалған кеңістігінің ықпалына түспейді",-делінген.