Амир Абдуллахиан: Еуропада тұратын ирандықтар Иранның шетелдегі маңызды қоры болып табылады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65388-Амир_Абдуллахиан_Еуропада_тұратын_ирандықтар_Иранның_шетелдегі_маңызды_қоры_болып_табылады
Иран Сыртқы істер министрі Еуропада тұратын ирандықтарды Ислам республикасының шетелдегі маңызды қоры деп атап, оларға қызмет көрсетуді жақсартуға тоқталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 08, 2022 13:55 Asia/Almaty
  • Амир Абдуллахиан: Еуропада тұратын ирандықтар Иранның шетелдегі маңызды қоры болып табылады

Иран Сыртқы істер министрі Еуропада тұратын ирандықтарды Ислам республикасының шетелдегі маңызды қоры деп атап, оларға қызмет көрсетуді жақсартуға тоқталды.

 

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні кешке ИИР-ның Еуропа елдеріндегі елшілері мен бас консулдарымен онлайн сұхбатында  халықаралық контекстте 13-ші үкіметтің «теңдестірілген сыртқы саясат, динамикалық дипломатия және интеллектуалды өзара әрекет» тақырыбымен сыртқы саяси стратегиясын ілгерілету және жүзеге асыру жолындағы Иранның шетелдегі өкілдерінің екі еселенген талпыныстарының маңыздылығын қуаттады. Амир Абдуллахиан:  «Осы сын-қатерлерге қарсы тұру ИИР-ның мүдделерін алға жылжыту үшін өкілдерінің белсенді, қуатты және тиімді белсенділігін талап етеді»,- деді.