Ислам революциясының жетекшісі: Болашақ келіссөздер жаудың пікірін қабылдауды білдірмейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i84692-Ислам_революциясының_жетекшісі_Болашақ_келіссөздер_жаудың_пікірін_қабылдауды_білдірмейді
ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи жолдауында былай деді: «Болашақта өтетін бетпе-бет келіссөздер жаудың пікірін қабылдауды білдірмейді».
(last modified 2026-06-18T19:31:23+00:00 )
Маусым 19, 2026 00:20 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Болашақ келіссөздер жаудың пікірін қабылдауды білдірмейді

ParsToday - Ислам революциясының жетекшісі аятолла Сейед Моджтаба Хұсейни Хаменеи жолдауында былай деді: «Болашақта өтетін бетпе-бет келіссөздер жаудың пікірін қабылдауды білдірмейді».

Ислам революциясының жетекшісінің Иран мен Америка президенттері арасындағы түсіністік туралы меморандумға қатысты Иран халқына жолдаған жолдауының толық мәтіні келесідей.

 

Аса Мейірімді, Рақымды Алланың атымен

Иранның белсенді және адал халқы!

Сіздерге хабарланғандай, Иран мен Америка Құрама Штаттарының президенттері арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Осы кезеңге жету жолында билік өкілдері жанашырлық пен ізгі ниетпен көптеген күш-жігер жұмсады, және әрине, бұл мақсатта дірменсіздігінен, барлық мүмкіндіктерді пайдаланған Америка Құрама Штаттарының президенті болды.

Негізінде, менің пікірім басқаша болды, бірақ мен президент, Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде, маған өзінің және басқа мүшелердің атынан Иран халқы мен Қарсыласу майданының құқықтарын қорғауға берген уәдесіне байланысты және бұл үшін ол жауапкершілікті өз мойнына алатынын мәлімдегенінен бұл рұқсатты бердім. Сондай-ақ, олар «егер Америка жағы асыра талаптар қойса, келісімге бармайтындарын» мәлімдеді.

Осы сәттен бастап біз, яғни сіздер, мақтан тұтатын халық және осы  қарапайым қызметші, айтылған шарттардың орындалуын күтеміз. Дегенмен, болашақта өтетін бетпе-бет келіссөздер жаудың пікірін қабылдауды білдірмейтіні анық.

Қолбасшымыз Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) ізгі дұғалары құрметті Иран халқына барлық жеңістерді әкеледі деп үміттенеміз.