Амир Абдуллахиан: Еуропада тұратын ирандықтар Иранның шетелдегі маңызды қоры болып табылады
Иран Сыртқы істер министрі Еуропада тұратын ирандықтарды Ислам республикасының шетелдегі маңызды қоры деп атап, оларға қызмет көрсетуді жақсартуға тоқталды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан дүйсенбі күні кешке ИИР-ның Еуропа елдеріндегі елшілері мен бас консулдарымен онлайн сұхбатында халықаралық контекстте 13-ші үкіметтің «теңдестірілген сыртқы саясат, динамикалық дипломатия және интеллектуалды өзара әрекет» тақырыбымен сыртқы саяси стратегиясын ілгерілету және жүзеге асыру жолындағы Иранның шетелдегі өкілдерінің екі еселенген талпыныстарының маңыздылығын қуаттады. Амир Абдуллахиан: «Осы сын-қатерлерге қарсы тұру ИИР-ның мүдделерін алға жылжыту үшін өкілдерінің белсенді, қуатты және тиімді белсенділігін талап етеді»,- деді.