Мұнай министрі: Біз Газпроммен 40 миллиард долларлық меморандумға қол қойдық
Иран Ислам Республикасының Мұнай министрі Ресейдің «Газпромымен» 40 миллиард долларлық келісімге қол қойылғаны туралы хабарлады.
Иран Ислам Республикасы мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы, соның ішінде энергетика саласындағы ынтымақтастық соңғы айларда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді.
Иранның Мұнай министрі Джавад Оджи министрлер кабинетінің бүгінгі (сәрсенбі) отырысында: «Біз әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі болып табылатын «Газпром» компаниясымен құны 40 миллиард долларға жуық өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойдық»,- деді.
Мұнай министрі осы министрліктің шетелдік инвестицияны дамыту жөніндегі іс-әрекетіне тоқтала келе: «Бүгінде Ресейдің ірі компаниялары, соның ішінде Газпром да Иранға инвестиция салуда Біз өнімдерді айырбастауды бастадық, сонымен қатар біз газ свопын талқылауды қадағалап жатырмыз»,- деді.