Қалибаф: Иранның гиперсоникалық баллистикалық зымырандар жасауы дұшпандарды үмітсіздендірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65492-Қалибаф_Иранның_гиперсоникалық_баллистикалық_зымырандар_жасауы_дұшпандарды_үмітсіздендірді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елде гиперсоникалық баллистикалық зымырандар жасалғанына тоқталып: «Осындай зымырандардың жасалуы Иранның достарын қуантып, дұшпандарын үмітсіздендірді»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 13, 2022 13:07 Asia/Almaty
  • Қалибаф: Иранның гиперсоникалық баллистикалық зымырандар жасауы дұшпандарды үмітсіздендірді

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елде гиперсоникалық баллистикалық зымырандар жасалғанына тоқталып: «Осындай зымырандардың жасалуы Иранның достарын қуантып, дұшпандарын үмітсіздендірді»,-деді.

Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында: «Маневр жасау қабілетінің жоғарылығы, рекордты жылдамдық, әуе қорғаныс кешендерінен өте алу қабілеті, оларды нысанаға алу қабілеті – Ирандағы жас ғалымдардың жаңа жетістігінің көрнекті ерекшеліктерінің бірі»,-деді. Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амир Әли Хаджизаде 10 қарашада елде дамыған әуе қорғаныс кешендерінен өте алатын гиперсоникалық баллистикалық зымыранның жасалғанын хабарлады.