Қалибаф: Иранның гиперсоникалық баллистикалық зымырандар жасауы дұшпандарды үмітсіздендірді
Қар 13, 2022 13:07 Asia/Almaty
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы елде гиперсоникалық баллистикалық зымырандар жасалғанына тоқталып: «Осындай зымырандардың жасалуы Иранның достарын қуантып, дұшпандарын үмітсіздендірді»,-деді.
Қалибаф жексенбі күні Мәжілістің ашық жиналысында: «Маневр жасау қабілетінің жоғарылығы, рекордты жылдамдық, әуе қорғаныс кешендерінен өте алу қабілеті, оларды нысанаға алу қабілеті – Ирандағы жас ғалымдардың жаңа жетістігінің көрнекті ерекшеліктерінің бірі»,-деді. Сақшылар корпусы әуе-ғарыш күштерінің қолбасшысы бригада генералы Амир Әли Хаджизаде 10 қарашада елде дамыған әуе қорғаныс кешендерінен өте алатын гиперсоникалық баллистикалық зымыранның жасалғанын хабарлады.