Раиси: Ұлттық футбол командасының күш-жігері ұлттық ынтымақты нығайта алады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65546-Раиси_Ұлттық_футбол_командасының_күш_жігері_ұлттық_ынтымақты_нығайта_алады
Иран Президенті дұшпандар мен арам пиғылдылардың халықтың жеңістері мен жетістіктерін ащы етуді көздеп отырғанын қуаттап: «Ұлттық футбол командасының талпыныстары ұлттық ынтымақты нығайтып, дұшпандарды сәтсіздікке түсіре алады»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 15, 2022 13:10 Asia/Almaty
  • Раиси: Ұлттық футбол командасының күш-жігері ұлттық ынтымақты нығайта алады

Иран Президенті дұшпандар мен арам пиғылдылардың халықтың жеңістері мен жетістіктерін ащы етуді көздеп отырғанын қуаттап: «Ұлттық футбол командасының талпыныстары ұлттық ынтымақты нығайтып, дұшпандарды сәтсіздікке түсіре алады»,- деді.

Иран Президенті Ибрахим Раиси 2022 жылы Катарда өтетін футболдан ұлттық құрамамен қоштасу рәсімінде осы команданы дайындаудағы техникалық қызметкерлердің күш-жігерін жоғары бағалап: «Құлшыныс және батылдық әртүрлі спорт салаларындағы ирандық спортшылардың ең маңызды ерекшеліктері болып табылады, Аллаға осы ұлы нығмет үшін алғыс айту керек»,- деп айтты. Раиси: «Иран жастарының жеңісі мен жетістігін көргісі келмейтіндер сендердің ерік-жігерінді бұзуға тырысады. Осыған байланысты өте сақ болыңдар»,- деп мәлімдеді.