Иранның ұлттық футбол командасы Катардағы әр-Райян қонақүйінде орналасты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65550-Иранның_ұлттық_футбол_командасы_Катардағы_әр_Райян_қонақүйінде_орналасты
Иранның ұлттық футбол командасының керуені Әлем чемпионаты-2022 қатысу үшін дүйсенбі күні кешке Катарға жетіп, Дохадағы әр-Райян қонақүйіне орналасты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 15, 2022 14:12 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық футбол командасы Катардағы әр-Райян қонақүйінде орналасты

Иранның ұлттық футбол командасының керуені Әлем чемпионаты-2022 қатысу үшін дүйсенбі күні кешке Катарға жетіп, Дохадағы әр-Райян қонақүйіне орналасты.

Иран ұлттық құрамасы Катардағы әлем чемпионатының (В) тобында Ұлыбритания, Уэльс және Америка құрамасымен топтастырылды. Иранның алғашқы ойыны 2022 жылдың 21 қарашасында Ұлыбританияға қарсы өтеді.

Доханың орталығында орналасқан Катардың әр-Райян  қонақ үйі   Әлем чемпионаты-2022 Иранның ұлттық футбол командасының орналасатын жері болып таңдалды. 200-ден астам бөлмесі бар қонақүй Иранның ұлттық футбол командасын қабылдаумен қатар, өз елінің командаларының матчтарын тамашалау үшін әртүрлі бағыттардан Катарға баратын футбол туристерін қарсы алады.