Раиси: Қауесет таратушылар мен өтірік айтушылар мұнафықтар сияқты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65586-Раиси_Қауесет_таратушылар_мен_өтірік_айтушылар_мұнафықтар_сияқты
ИИР Президенті қауесет таратушылар мен өтірік айтушыларды мұнафықтар пен кәпірлерге теңеп: "Бұл адамдар түсініктерді ауыстыруға тырысып жатыр",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қар 17, 2022 18:21 Asia/Almaty
  • Раиси: Қауесет таратушылар мен өтірік айтушылар мұнафықтар сияқты

ИИР Президенті қауесет таратушылар мен өтірік айтушыларды мұнафықтар пен кәпірлерге теңеп: "Бұл адамдар түсініктерді ауыстыруға тырысып жатыр",-деді.

Ибрахим Раиси ақпаратты көркемдеп тарату туралы ұлттық джиһад рәсімінде: "Қауесет таратушылар мен өтірік айтушылар түсініктерді ауыстыруға, әлсіз тұстарды үлкейтіп, мықты тұстарды кішірейтіп көрсетуге тырысып жатыр ",-деді.

Раиси: "Қазір бетпе-бет келіп отырған нәрсеміз – сол ақпараттық соғыс",-деді.

Иран Президенті түсіндіру қозғалысының қажет екенін айтып: "43 жылдық табанды қарсыласу және ғылым мен технология саласындағы даму халыққа түсіндірілуі тиіс",-деді.

Түсіндіру қозғалысы (түсіндіру джиһады) – Ислам революциясы жетекшісінің баяндамаларында сан рет көтерілген тақырып. Ол осы қозғалыстың түрлі қырларын түсіндіріп берген.