Иранның баскетбол ұлттық құрамасы әлемнің үздік 20 командасының қатарына тұрақтады
Қар 19, 2022 18:43 Asia/Almaty
Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады, ал Иран ұлттық құрамасы 20-шы орынға тұрақтады.
FIBA рейтингінде Испанияның баскетбол құрамасы қарсыластарына өз күшін көрсету үшін Америка командасын басып озып, кестенің басында тұрды.
758,6 ұпаймен көш бастап тұрған Испаниядан кейін екінші және үшінші орындарда 757,5 ұпаймен Америка мен 740,3 ұпаймен Австралия тұр.
Иранның баскетбол құрамасы да бір сатыға көтеріліп, 452,5 ұпаймен әлемнің үздік 20 командасының қатарына енді.