Иран: Қорғаныс мамандарының Украинамен өзара әрекеттесуінде маңызды қадамдар жасалды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65696-Иран_Қорғаныс_мамандарының_Украинамен_өзара_әрекеттесуінде_маңызды_қадамдар_жасалды
Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі Украинадағы қақтығыстарда ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану туралы мәлімдемеге сілтеме жасап, екі елдің қорғаныс мамандарының бірлескен әрекетінде осы уақытқа дейін маңызды қадамдар жасалғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 22, 2022 10:02 Asia/Almaty
  • Иран: Қорғаныс мамандарының Украинамен өзара әрекеттесуінде маңызды қадамдар жасалды

Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі Украинадағы қақтығыстарда ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдалану туралы мәлімдемеге сілтеме жасап, екі елдің қорғаныс мамандарының бірлескен әрекетінде осы уақытқа дейін маңызды қадамдар жасалғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нью-Йорктегі Иран Ислам Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі «Вашингтон Пост» газетінің Ресейде ұшқышсыз ұшақты өндіру желісін іске қосуға қатысты мәлімдемесіне байланысты осы газетке ескерту жіберіп: «Украинадағы қақтығыстарда ирандық ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланды деген мәлімдемеден кейін Иран бұл шағымдарды тексеру үшін Украина билігімен бірлескен мамандар кездесуін  сұрады. Осы уақытқа дейін Иран мен Украина қорғаныс мамандарының бірлескен әрекеттесуінде маңызды қадамдар жасалды және  бұл жұмыс кез келген түсінбеушілік жойылмайынша жалғасады»,- деді.

Иранның БҰҰ-дағы өкілдігі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 қарарында Иранның қару-жарақ шектеуінің бес жылдық кезеңі 2020 жылдың қазан айында аяқталғанын және Иранның өзінің қажеттіліктері мен басымдықтары бойынша басқа елдермен қорғаныс саласында ынтымақтастық жасай алатынын еске салды.