Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарары айыпталды
Қар 26, 2022 09:45 Asia/Almaty
Теһран жұма намазының имамы БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарарының қабылдануын қатаң айыптады.
Бейсенбі күні БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесі «Ирандағы адам құқықтарының жағдайы» деп атаған Иранға қарсы қарарды мақұлдады. Бұл қарар 25 қолдау, 6 қарсы, 15 қалыс дауыспен мақұлданды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Хадж Али Акбари, Теһран жұма намазының имамы БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарарының қабылдануын сынап, Иран үкіметі, дипломатия және Атом энергиясы ұйымының еуропалық үштіктің адам құқықтарына қатысты күлкілі әрекеттеріне қарсы революциялық және жұмылдыру ұстанымдарын жоғары бағалады.