Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарары айыпталды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65786-Адам_құқығы_кеңесінің_Иранға_қарсы_қарары_айыпталды
Теһран жұма намазының имамы БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарарының қабылдануын қатаң айыптады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 26, 2022 09:45 Asia/Almaty
  • Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарары  айыпталды

Теһран жұма намазының имамы БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарарының қабылдануын қатаң айыптады.

Бейсенбі күні БҰҰ-ның Адам құқықтары кеңесі «Ирандағы адам құқықтарының жағдайы» деп атаған Иранға қарсы қарарды мақұлдады. Бұл қарар 25 қолдау, 6 қарсы, 15 қалыс дауыспен мақұлданды.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Мұхаммад Джавад Хадж Али Акбари, Теһран жұма намазының имамы БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің Иранға қарсы қарарының қабылдануын сынап, Иран үкіметі, дипломатия және Атом энергиясы ұйымының еуропалық үштіктің адам құқықтарына қатысты күлкілі әрекеттеріне қарсы революциялық және жұмылдыру ұстанымдарын жоғары бағалады.