Кейруш: Бүгін біз өз тамырымызға оралдық
Қар 26, 2022 10:53 Asia/Almaty
Иранның футбол ұлттық құрамасының бас бапкері: «Біздің командада жақсы бірлік орнады және бүгін біз өз тамырымызға оралдық»,- деді.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Карлуш Кейруш Уэльске қарсы ойындағы жеңістен кейінгі баспасөз мәслихатында: «Бұл матчта жақсы нәтижеге қол жеткіздік және оған лайықты болдық. Біз Уэльстен жақсырақ болдық, бірақ көбірек гол соға алмадық. Біз бүгін тәжірибемізді қолданып, Американы жеңуге дайындалып жатырмыз»,- деп мәлімдеді. Кейруш Иран жанкүйерлеріне ризалығын білдіріп: «Футболдағы көп жылғы тәжірибемді ескерсек, бүгін өзімді нағыз стадионда жүргендей сезіндім»,- деп айтты.