Раиси Малайзияның жаңа Премьер-министрімен сөйлесті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i65792-Раиси_Малайзияның_жаңа_Премьер_министрімен_сөйлесті
ИИР Президенті мен Малайзия Премьер-министрі телефон арқылы сөйлесті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қар 26, 2022 10:56 Asia/Almaty
  • Раиси Малайзияның жаңа Премьер-министрімен сөйлесті

ИИР Президенті мен Малайзия Премьер-министрі телефон арқылы сөйлесті.

Иран студенттері ақпарат агенттігінің (ISNA) хабарлауынша, Ибрахим Раиси кеше Малайзия Премьер-министрі  Анвар Ибрахиммен  телефон арқылы сөйоесіп, оны осы елдің премьер-министрі болып сайлануымен құттықтап: «Иран мен Малайзияның экономика, технология, мәдениет және халықаралық ынтымақтастық салаларында үлкен және алуан түрлі әлеуеттері бар және екі ел қайраткерлерінің байыпты талпыныстары бұл қабілеттерді екі елдің мүдделеріне сай іске асыра алады»,- деді.

Бұл телефон сұхбатында Анвар Ибрахим де Иран мен Малайзияның мәдени және сауда салаларындағы қарым-қатынастарын кеңейту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие екеніне тоқталып: «Біз екі мемлекет және исламдық ел ретінде қарым-қатынасымызды мүмкіндігінше кеңейту үшін бар күш-жігерімізді саламыз»,- деді.