Канани Чафи Лондон үкіметіне: Иранды айыптаудың орнына өз халқыңның талаптарына мән беріңдер
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы британдық мемлекет қайраткерлеріне: «Иранды айыптаудың орнына өз күш-қуаттарыңызды үкіметтеріңізде тұрақтылық орнатуға, еліңіздің халқының кең талаптарына назар аударуға, иммигранттар мен мұсылмандарға қарсы кемсітушілік пен қысымды жоюға жұмсвңдар»,- деп кеңес берді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани Чафи кеше (жұма) Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Джеймс Клеверлидің Иранның ішкі өзгерістеріне, ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдаланудағы Иранның құқықтарына және Иранның аймақтық рөліне қатысты алдамшы және араласушы мәлімдемелеріне реакция білдірді және бұл мәлімдемелерді қатты айыптады. Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы: «Иран ұлтына қарсы адамшылық әрекеттері үшін жауап беруі және халықаралық форумдарда жауапты болуы тиіс Ұлыбритания мен кейбір еуропалық елдердің ИИР-на қарсы адам құқығы талаптары мен айыптаулары үшін ешқандай моральдық өкілеттіктерге ие еместігі сөзсіз»,- деді.