Раиси «Фатехин-е Теһран» арнайы бөлімшесінің отырысында: Барлық салаларда мақтаныш болдыңдар
ИИР Президенті «Фатехин-е Теһран» арнайы бөлімшесінің отырысында: «Сендер бізді барлық салаларда мақтаныш етіп, бүлікшілер мен халықтың қауіпсіздігін бұзушылар алдында жарқырадыңдар»,- деді.
«Moj» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ибрахим Раиси «Фатехин-е Теһран» басиджилерімен (еркі күштерімен) жылы жүздесуде Ислам революциясы жетекшісінің басиджилерге сәлемін жеткізіп: «Міндеттерің мен жауапкершіліктің арқасында басқалардың игілігін өздеріңнен артық көрдіңдер және бұл әрекет шынымен де құнды және бағалауға тұрарлық»,- деп мәлімдеді. Раиси исламдық жүйенің үстемдік жүйесіне қарсы тұру туын көтерген жалғыз жүйе екенін қуаттап: «Дұшпандар революция мен басидждер рухының алдын алу үшін осы уақытқа дейін көптеген қастандықтарды бастады. Алайда бүгінгі Иран ұлтының тұрақтылығымен Ислам революциясының жолдауы мен толқындары Иран шекарасынан шығып, басқа халықтар, әсіресе аймақ халықтары үшін үлгі болды»,- деді.