Ислам революциясының жетекшісі: Ирактың ілгерілеуінің дұшпандарына қарсы тұру керек
Ислам революциясының жетекшісі Ирак Премьер-министрімен кездесуінде бұл елдің ілгерілеуінің дұшпандары бар екенін айтып: «ДАИШ-тың үлкен және өлім қаупіне қарсы тұруда сынақтан өткен ынталы және жас күштерге сүйене отырып, дұшпанның еркіне қарсы тұру керек»,- деп қуаттады.
Аятолла Хаменеи Ирак Премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Судани және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде бұл елді табиғи және адам ресурстары, сондай-ақ мәдени, тарихи және өркениеттік жағынан аймақтағы ең жақсы араб елі деп бағалап: «Өкінішке орай, мұндай жағдайға қарамастан, Ирак әлі де өзінің жоғары және шынайы ұстанымына жете алмады және Сіздің ерік-жігеріңізбен Ирак дамуына және өзінің шынайы ұстанымына қол жеткізеді деп үміттенеміз. Ирактың ілгерілеуі және оның жоғары және шынайы жағдайына жетуі ИИР-ның мүддесіне болып табылады»,- деді. Ол Ирактың өзінің шынайы жағдайына жетуі үшін негізгі қажеттіліктердің бірін, Ирактың ішіндегі жинақтардың үйлесімділігі мен бірлігін атап өтті және былай деп қосты: «Бұл дамудың тағы бір талабы жас және ынталы Ирак күштерін барынша пайдалану болып табылады».
Аятолла Хаменеи сондай-ақ Ирак Премьер-министрінің «Конституция бойынша ешбір тарапқа Ирак жерін Иранның қауіпсіздігін бұзу үшін пайдалануына рұқсат бермейміз» деген сөздеріне тоқталып: «Өкінішке орай, бұл қазір Ирактың кейбір аудандарында орын алуда және жалғыз шешім - Ирак орталық үкіметінің өз билігін сол аймақтарға да кеңейтуі. Иранның Ирактың қауіпсіздігіне деген көзқарасы келесі - егер қандай да бір тарап Ирактың қауіпсіздігін бұзуды көздесе, оның алдында кеудемізді қалқалап, Иракты қорғаймыз»,- деп айтты.
Аятолла Хаменеи: «Иранның қауіпсіздігі де Ирактың қауіпсіздігіне ықпал ететіндей, Ирактың қауіпсіздігі - Иранның қауіпсіздігі»,- деп қуаттап, Ирак Премьер-министрінің бүгін Теһрандағы келіссөздеріне тоқталып: «Осыған дейінгі кезеңдерде жақсы келіссөздер жүргізілді, бірақ олар әрекет ету сатысына жеткен жоқ, сондықтан біз барлық түсіністіктерге қатысты, әсіресе экономикалық ынтымақтастық пен тауар алмасу және теміржол қатынасы саласында әрекетке көшуіміз керек»,- деп мәлімдеді.