Қалибаф: Иран-Ирак ынтымақтастығы экономикалық ілгерлеуімен қатар аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Иран Ислам Кеңесінің төрағасы Мұхаммад Бақер Қалибаф сейсенбі күні Теһранда Ирак Премьер-министрі Мұхаммад Шиа әл-Судани және онымен бірге келген делегациямен кездесуінде Иран мен Иракты аймақтағы өте көрнекті және бірегей екі ел деп атап: «Экономикалық ілгерлеуімен қатар Иран мен Ирактың ынтымақтастығы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді»,- деп қуаттады.
Осы кездесуде Қалибаф Иран үкіметі, халқы мен парламентінің қауіпсіз әрі дамыған Иракты қолдағысы келетінін айтып: «Иран мен Ирак бір-бірімен терең діни, экономикалық және мәдени тамыры бар көршілес екі ел және бұл байланыстар Иран мен Ирак халықтарын өте жақын етті»,- деді. Қалибаф осы кездесуде АҚШ-тың Иранға қарсы біржақты және заңсыз санкцияларына да тоқталып: «Бүгінгі таңда АҚШ Иранға экономикалық санкциялармен қысым көрсетіп отыр, бірақ олардың пікірінше, Иран бұл проблемалардың шарықтау шегінен өтті»,- деп мәлімдеді.
Бұл кездесуде Ирак премьер-министрі де өзінің Теһран сапарының екі ел арасындағы тамыры терең және терең қарым-қатынастардың жемісі екенін айтып, Ирак пен Иран қарым-қатынастарын кеңейтуге шақырды.