Иран Сербияның аумақтық тұтастығын қолдайды
Иран Сыртқы істер министрі Ислам республикасының Сербияның аумақтық тұтастығын қолдайтынын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Сербия Президенті Александр Вучичпен Белградтағы кездесуінде Иран Президентінің Сербия Президентін Теһранға сапармен шақыруын қайталап, Иранның Сербияның аумақтық тұтастығын қолдайтынын мәлімдеді. Абдуллахиан экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету және сауда көлемін арттыру үшін инновациялық тетіктерді пайдалану қажет деп санады.
Бұл кездесуде Александр Вучич де ИИР Президентіне сәлем жолдап, Иранның аймақтағы маңызды елі екенін және Сербияның Иран қарым-қатынастарын дамытуға мән беретінін мәлімдеді.