Ислами: АҚШ мемлекет қайраткерлерінің түсінігі Иранның шындығынан алыс
Иранның Атом Қуаты ұйымының басшысы америкалық мемлекет қайраткерлерінің бұрынғыдай менталитетін өзгертпегенін және АҚШ мемлекет қайраткерлерінің түсінігінің Иран шындығынан алыс екеніне тоқталды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Ислами АҚШ-тың әлі де Иран ұлтының еркіне қарсы әрекет етіп, өз жолымен жүріп жатқанын баса айтып: «Осынша жылдар өтсе де, американдық мемлекет қайраткерлерінің сенімі бұрынғыдай және олар сенімі мен менталитетін өзгерткен жоқ»,- деді. Ислами сондай-ақ Иранның Атом Қуаты ұйымының елдің денсаулық сақтау жүйесіндегі радиациялық терапия, радиофармацевтика, сондай-ақ плазма мен лазер өндірісінің әртүрлі салаларындағы жетістіктеріне тоқталып: «Халықтарға үстемдік етудің құралы болған озық ғылым мен техниканың өрісін тереңдетіп, кеңейтіп, ілгерілеу құралына айналдыруға күш салу керек»,- деп мәлімдеді.