Амир Абдуллахиан: Біз санкциялар мен интервенцияға жауап береміз
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Еуропаның сыртқы саясат қайраткері Джозеф Боррелмен сұхбатында Иранның санкциялар мен араласуға жауап беретінін қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан жұма күні кешке әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Джозеф Борреллмен сұхбаты туралы былай деп жазды: «Егер АҚШ пен үш еуропалық мемлекет келіссөзде қысым жасау және құрал-саймандау арқылы келіссөзде көбірек ұпай жинай аламыз деп ойласа, олар сөзсіз қателесуде». Бұған дейін Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Насер Канани де: «Америкалық қайраткерлер Иранның қысым мен қоқан-лоққылар арқылы келіссөздер жүргізуге және жеңілдіктерге баруға дайын еместігін, келісімнің өз қисыны барын және Иранның ортақ келісім келіссөздеріндегі ұстанымы толығымен анық екенін біледі»,- деп баса айтқан болатын.