Ирандық суретші Катардағы Әлем чемпионатында мультфильмдер мен карикатуралар фестивалінің жүлдесін жеңіп алды
Жел 10, 2022 10:58 Asia/Almaty
Иранның карикатурашы суретшісі футболдан әлем чемпионатының халықаралық мультфильм және карикатура фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды.
Иран студенттері (ISNA) ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ирандық карикатурашы және Теһранның батысындағы Зәнжан өнер ауданына қарасты мультфильмдер үйінің белсенділерінің бірі Бахрам Әли Хамиди футболдан әлем чемпионатының халықаралық мультфильмдер мен карикатуралар фестивалінің арнайы жүлдесін жеңіп алды.
Халықаралық футболдан әлем чемпионатының мультфильмдер мен карикатуралар фестиваліне қатысуға шақыру биылғы жылдың жазында жарияланып, осы фестиваль барысында карикатура бөліміне 508 жұмыс, мультфильм бөліміне 1228 жұмыс келіп түскен.