Мулави Абдулвахид Ригидің шәһид болуына себепкер ұсталды
Жел 14, 2022 12:07 Asia/Almaty
Tasnim ақпарат агенттігі Мулави Абдулвахид Ригидің шәһид болуына себепкер болған адамның ұсталғанын хабарлады.
Tasnim ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның қауіпсіздік күштері имам Хусейн (ғ.с.) мешітінің имамы Мулави Абдулвахид Ригидің шәһид болуына себепкер болған адамды тұтқындады.
Мулави Абдулвахид Риги, Хаш қаласындағы имам Хусейннің атындағы (ғ.с.) сүнниттер мешітінің имамы. Ол Иранның Систан және Белуджистан аймағы мен облысының жетекші дінбасыларының бірі болған, оны бейсенбі күні белгісіз біреулер ұрлап әкетіп, өлтіріп кеткен.