Иран мен Ирландия Сыртқы істер министрлері телефон арқылы кеңесті
Иран Сыртқы істер министрі Ирландияның Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесіп, адам құқықтарын сылтау етіп, Еуропа Одағы Министрлер Кеңесінің кейбір саяси шоуларын сынады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан Ирландияға санкцияларды алып тастау саласындағы диалогтағы бұрынғы талпыныстары үшін алғыс айта отырып: «ИИР жақсы, тұрақты және күшті келісімге дайындала отырып, дипломатияны дұрыс жол деп санайды, бірақ ол өзінің қызыл сызықтарынан, яғни халықтың мүддесін қамтамасыз етуден таймайды»,- деді.
Саймон Кавони осы телефон сұхбатында өзінің өткен жылғы Теһран сапарына тоқталып, екі ел арасындағы қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі ең маңызды аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты елдің көзқарасын ортаға салды.