Сардар Тангсири: Иранда АҚШ ойламайтын зымырандар бар
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66206-Сардар_Тангсири_Иранда_АҚШ_ойламайтын_зымырандар_бар
Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның Америка тіпті ойламайтын зымырандары бар екенін және Иранның оқу-жаттығуларда көрсеткен қарулары оның соғыс кезінде майданға әкелетін қаруы емес екенін баса айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 14, 2022 12:41 Asia/Almaty
  • Сардар Тангсири: Иранда АҚШ ойламайтын зымырандар бар

Ислам революциясы Сақшылар корпусының Әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның Америка тіпті ойламайтын зымырандары бар екенін және Иранның оқу-жаттығуларда көрсеткен қарулары оның соғыс кезінде майданға әкелетін қаруы емес екенін баса айтты.

Fars news агенттігінің хабарлауы бойынша, адмирал Алиреза Тангсири кеше (сейсенбі): «Үнді мұхиты, Оман теңізі және Парсы шығанағындағы трансаймақтық дұшпан елге жеткенше ирандық жауынгерлердің мәйіттерінің үстінен өтуі керек»,- деді. Сардар Тангсири дұшпандардың қоқан-лоққыларына тоқталып: «Иран пайдалану мүмкіндікке ие  болғанша, Ормуз бұғазы ашық. Иран Ормуз бұғазын жапқысы келмейді. Бірақ бір күні Ормуз бұғазы ирандық кемелер үшін жабылса, біз ол арқылы ешкімді өткізбейміз»,- деп қуаттады.