Ислам революциясының жетекшісі Мулави Абдулвахид Ригидің ұрлануы мен шәһид болуына көңіл айтты
Жел 14, 2022 12:47 Asia/Almaty
Ислам революциясының жетекшісі Мулави Абдулвахид Ригидің ұрлануы және шәһид болуы қайғылы оқиғаға өкініш білдіріп, жауапты органдардың қылмыскерлерді тез әрі ауыр жауапқа тартып, жазалауды қуаттады.
Iran Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі аятолла Хаменеи: «Мулави Абдулвахид Ригиді ұрлап, осы қайырымды әрі батыл ғалымды өлтірген жауыздар – балуч отандастарының гүлденуі мен ирандық халықтардың бірлігінің жауларына қызмет еткен жалдамалылар. Жауапты органдардың міндеті - қылмыскерлерді қудалау және жазалау. Мұны тез және байыппен орындау керек»,- деді.