Иранның футбол командасы әлемде 24-ші, Азияда екінші орында тұр
Жел 20, 2022 10:12 Asia/Almaty
Иранның ұлттық футбол командасы әлемнің ең үздік командаларының соңғы рейтингінде әлемде 24-ші және Азияда 2-ші орында болды.
IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, 2022 жылы Катарда өткен әлем чемпионатындағы командалардың көрсеткіштеріне қарай жасалған бұл рейтингте Иранның футбол командасы Азияда Жапониядан кейін екінші орынға ие болды. Иран құрамасы Әлем чемпионаты -2022 Уэльске қарсы жеңіске жетіп, Англия мен Америкадан жеңілді.
Әлемдік рейтингте Бразилия әлем чемпионатының ширек финалында шығып қалғанымен, көш бастап тұр, ал осы айтулы шараның чемпионы Аргентина бір саты жоғарылап, екінші орынға көтерілді.