Саланг туннелі оқиғасынан кейін Иран Ауғанстан халқына жанашырлығын білдірді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i66340-Саланг_туннелі_оқиғасынан_кейін_Иран_Ауғанстан_халқына_жанашырлығын_білдірді
Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Саланг туннеліндегі қайғылы оқиғаға байланысты Ауғанстан халқына көңіл айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Жел 20, 2022 10:14 Asia/Almaty
  • Саланг туннелі оқиғасынан кейін Иран Ауғанстан халқына жанашырлығын білдірді

Иран Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы Саланг туннеліндегі қайғылы оқиғаға байланысты Ауғанстан халқына көңіл айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Насер Канани дүйсенбі күні кешкісін марқұмдардың отбасыларына көңіл айтып, Алладан марқұмдардың рақымы мен кешірімін және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Сенбі күні Ауғанстанның Саланг туннелінде жанармай таситын автоцистерна өртеніп, салдарынан осы уақытқа дейін 63 адам қаза тапты.